2018 жылға дейін бес облыстағы 70 елді мекен газбен қамтылады - Энергетика министрі
- author «Ақ жол»
- 6 маусым, 2016
- 193
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016-2018 жылдары еліміздің бес облысында 70 елді мекен газбен қамтылады. Ал 2016-2020 жылдар аралығында «ҚазТрансГаз» ұлттық операторынан қосымша қаржы ала отырып, тағы төрт облыстағы халық саны көп 14 елді мекенді газбен қамтуға мүмкіндік туады. Қазақстанда министрлердің арасында алғашқылардың бірі болып, халық алдында есеп берген Энергетика министрі Қанат Бозымбаев осылай хабарлады.
«Газ саласына тоқталсам, 2015 жылы бұл сала дамуға бет алды. 45,3 млрд текше метр газ алынды. Осы жылдың төрт айында өндірілген газ көлемі 15,5 млрд текше метрді құрады. Елімізді газдандыру - басты стратегиялық бағыт екені белгілі. Жалпы, былтырғы көрсеткішке сүйене отырып айтсам, Қазақстанның 43 пайызы газбен қамтылған», - дей келе министр осы саладағы жоспарға тоқталды.
«2016-2018 жылдары Батыс Қазақстан, Қостанай, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстарында 70 елді мекен газбен қамтылады. 2016-2020 жылдар аралығында елді газдандыру үшін «ҚазТрансГаз» ұлттық операторы есебінен қосымша қаржы аламыз. Осылайша, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы 14 ірі елді мекенді газбен қамти аламыз. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының бір желісі іске қосылған. Жоба толық қуаттылыққа көшке соң, еліміздің оңтүстігіндегі алты жүзге жуық елді мекені газбен қамтылады. Сонымен қатар, Қытайға газ экспорттай аламыз»,-деп хабарлады Энергетика министрі.
Қ.Бозымбаев атап өткендей, елімізде көгілдір отынның бағасы «Газ жəне газбен қамту туралы» заңға сәйкес, тауарлық газдың шекті көтерме бағасы белгіленеді. Ол баға еліміздің барлық облысы үшін бірдей болады.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді