Денсаулық
Мұхаммед Әли жұма күні өзінің туған қаласында жерленеді
- author «Ақ жол»
- 6 маусым, 2016
- 506
Мұхаммед Әли жұма күні өзінің туған қаласында жерленеді
Атақты кәсіпқой бокс королі Мұхаммед Әлиді жерлеу рәсімі алдағы жұма күні туған қаласы Кентукки штатының Луисвилль қаласында өтеді. Бұл туралы Би-би-си агенттігі хабарлады.
Жерлеу рәсіміне АҚШ-тың бұрынғы Президенті Билл Клинтон қатысады. Ол қаралы жиында соңғы сөзді айтатын болады.
Жерлеу рәсімі бірнеше елге интернет трансляция арқылы тікелей эфирде көрсетілетін болады. Айта кетейік, аты аңызға айналған боксшы кеше 75 жасқа қараған шағында АҚШ-тың Аризона штатында қайтыс болған болатын.
Боксшы өмірінің соңғы 30 жылын паркинсон дертімен күресумен өткізді. Осыдан екі күн бұрын тыныс алу мүшелері сыр беріп, ауруханаға жатқызылған еді. Ал бүгін таңертең жарық дүниемен қоштасқаны белгілі болды.
Ол кәсіпқой бокста ауыр салмақта үш мәрте әлемнің чемпионы атанған жалғыз боксшы. 20 жылға созылған созылған спорттық карьерасында 56 кездесу өткізіп, 37-сінде нокаутпен жеңіске жеткен.
ақпарат көзі nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




