«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Әулие Ата» әуежайынан «Мәскеу-Тараз-Мәскеу» бағытындағы бірінші рейс ұшып шықты

«Әулие Ата» әуежайынан «Мәскеу-Тараз-Мәскеу» бағытындағы бірінші рейс ұшып шықты
ашық дереккөз
«Әулие Ата» әуежайынан «Мәскеу-Тараз-Мәскеу» бағытындағы бірінші рейс ұшып шықты
Бүгін таңертең «Әулие Ата» халықаралық әуежайынан S7 Airlines компаниясының «Мәскеу-Тараз-Мәскеу» бағытындағы ұшақ ұшып шықты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«Әулие Ата» әуежайы әуе вокзалының ғимаратында облыстық әкімдік, БАҚ, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің рейстің бірінші жолаушылары және әуе компаниясының өкілдерімен кездесуі болып өтті. Хабарланып отырғандай, кестеге сәйкес ұшулар аптасына бір рет, жексенбі күндері Мәскеуден сағат 23:10-да аттанып, Таразға ұшып келуі келесі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:05-те жүзеге асырылады. Тараздан кері ұшатын рейс дүйсенбі күні сағат 07:05-те аттанып, Мәскеуге сағат 08:20-да ұшып келеді. Рейстер эконом және бизнес-класта 134 жолаушыны тасымалдауға арналған Airbus А-319 әуе кемесімен жүзеге асырылады. S7 Airlines Қазақстанның басқа қалаларына – Мәскеуден Павлодар, Семей және Өскеменге, сондай-ақ Новосібірден Өскемен, Алматы және Шымкентке тікелей тұрақты рейстер орындап жүр.

ақпарат көзі: Stan.kz

Ұқсас жаңалықтар