журналист Дүйсенбек Ормановтың жаңа жинағы жарық көрді
Оқырман қауымға тағы бір жаңа кітап жол тартты. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жергілікті қаламгер Дүйсенбек Ормановтың «Дала дауысы» деп аталатын кітабы Алматы қаласындағы «Тантеев» баспасынан жарыққа шықты. Бұл – автордың үшінші кітабы.
Шағын ғана ауылдан бір кезеңде шыққан сегіз бірдей Социалистік Еңбек Ері туралы татымды естеліктер, тұшымды әңгімелер енген жинақта өткен ғасырдағы еңбек адамдарының тіршілігі, дара болмыстары туралы жан-жақты баяндалған, әдемі суреттелген. «Ел белін көтерген Байгелді» және «Ерлер туралы естеліктер» секілді екі бөлімнен тұратын естеліктер жинағын журналист Дүйсенбек Орманов Ерназар ауылының тұрғыны, осыдан аз ғана уақыт бұрын дүниеден озған Бескемпір Жаманқұловтың айтқан әңгімелері мен берген мәліметтерінің желісі бойынша көркемдеп, шынайы суреттеп жазып шыққан. Кітаптың алғы сөзін жазған белгілі жазушы, журналист Көсемәлі Сәттібайұлы «Бұл шығарманы өскелең ұрпақ қаламгер сөзінің сәулесін ұстап, санасына таңбалайтын дегдар дүние ретінде қабылдайтынына сенгім келеді» дегендей, еңбекқор автордың жаңа туындысы оқырман қауымның оң бағасын алып, оқитын дүниесіне айналар деген үміттеміз.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Жамбыл ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




