Әлемдегі ең қымбат әуе билеті саудаға шығарылды
Etihad Airways әуе компаниясы әлемдегі ең қымбат ұшақ билетін сатылымға шығарды. Лондоннан Мельбурнға және кері бағытта қатынайтын А380-800 ұшағына құны 80,5 мың доллар тұратын билетті сатып алып, жетем дегенше ерекше жағдайда ұшып баруға болады.
Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
Қыруар ақша тұратын билетті сатып алатын жанға әуе кемесінде қызметшілері және аспаздары бар үш бөлмелі нөмір ұсынылады.
Үлкен екі орындық кереует, қонақ бөлме және жуыну бөлмесі сапар кезінде жолаушының игілігінде болады. Нөмерге екі теледидар қойылған. Бұған дейін Нью-Йорктен Мумбайға ұшып бару ең қымбат әуе сапары саналған болатын. Оның құны 75,9 мың доллар тұрды.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




