Денсаулық
Алматыда бір жағына қисайған көпқабатты үйді сүріп тастамақ
- author «Ақ жол»
- 3 маусым, 2016
- 569
Алматыда бір жағына қисайған көпқабатты үйді сүріп тастамақ
Алматыдағы “Алғабас-6” ықшам ауданында орналасқан бір жағына қарай қисайған тоғыз қабатты үй сүрілуі мүмкін. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сұлтанбек Мәкежанов баспасөз мәслихатында айтты.
Бейсенбі күні түнде Алатау ауданында орналасқан көпқабатты үйден 208 тұрғын эвакуацияланған болатын. Эвакуация тұрғындардың бірі көпқабатты үйдің бір қапталға қарай ойыса қисайғанын байқағаннан кейін басталған. Тұрғындар үйдің жертөлесіне жаңбыр суы толып қалған дейді. Ал мәселені реттеп, себебін табу үшін арнайы комиссия құрылып, өз жұмысын бастады.
“Құрылыс жұмыстары кезінде құрылыс шарттары сақталмаған. Үй апатты жағдайда тұр. Комиссияның шешімі бойынша үй сүріліп тасталмақ”, – деді Мәкежанов. Қала әкімінің орынбасары құрылысты жүргізу кезінде іргетастың үстіне төгілген топырақ нығыздалмай, тек қиыршық тас төгіле салған деп атап өтті.
“Жауапкершілік толыққанды “Астана-Құрылыс” компаниясының мойынында. Өтемақы төлеу мәселесімен де солар айналысады”, – деді әкім орынбасары.
Мәкежановтың айтуынша, үй құрылысын жүргізу кезінде қателік жіберген және сол күйі үйді өткізген қателікке жауапты тұлғаларға қатысты шешім құқық қорғау органдары құзіретіне кірмек.
Шаһар басшысының орынбасары “Астана-Құрылыс” компаниясының басқа нысандардағы жұмыстары “қатаң бақылауға” алынғанын айтты. Әкімдік ақпаратынша 2014 жылы “Қолжетімді тұрғын үй” бағдарламасы бойынша 72 пәтерлік үй тұрғызылған.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




