Әкімдік: Жамбылдағы күн электр стансасы ЭКСПО көрмесінде жаңартылатын энергия көзі жобасын жүзеге асырудың үздік үлгісі болмақ
- author «Ақ жол»
- 3 маусым, 2016
- 620
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барған ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Орталық Азиядағы ірі «Бурное Солар-1» күн электр стансасының жұмысымен танысты. Бұл туралы Жамбыл облыстық әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Жуалы ауданында салынған қуаттылығы 50 МВт құрайтын күн электр стансасы 2015 жылы 2 шілдеде Елбасының қатысуымен Индустриаландыру күні аясында іске қосылған.
Станса 150 га аумақта орналасқан. Жобалық жылдық электроэнергия өнімі 73 млн кВт/сағ құрайды. Стансаны іске қосқаннан электроэнергия өндірісі 58,718 млн кВт/с құрады, бұл болжанған көрсеткіштен 10% жоғары.
«Бурное Солар-1» күн электр стансасында 250 адам жұмыспен қамтылды.
Облыстық әкімдікте атап өткендей, бұл күн электр стансасы ЭКСПО-2017 көрмесінде Қазақстандағы жаңартылатын энергия көзі жобасын жүзеге асырудың үздік үлгісі бола алады.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




