АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 маусым күні елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Осыған орай тест тапсыру орталықтарында сынақ аяқталғаннан кейін де нәтиженің жариялануын күтіп жүрген адамдарды көруге болады. Олар түлектердің нәтижелерін ҰБТ-ның ресми сайты арқылы үйде отырып-ақ оңай әрі жылдам білуге болатынынан бейхабар болса керек.
ҰБТ нәтижесін үйде отырып білу үшін интернет болса жеткілікті. Ол үшін мына сілтеме арқылы өтіп, ЖСН нөмірі мен қатысушының емтихан алдында алған жеке кодын теру қажет.
Маусымның 2-сі мен 9-ы аралығында өтетін сынаққа қатысуға биыл мектеп бітіруші 121 мың баланың 87 мыңы ниет білдірген. Оның ішінде 63 мың мектеп бітіруші - қазақ тілінде, қалған 24 мыңға жуығы орыс тілінде білімін сынайды.
Айта кетейік, биыл қазақстандық түлектер ҰБТ-ны соңғы рет дәстүрлі жүйеде тапсырып жатыр. Тест 10 маусымға дейін созылады.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




