Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жалпы білім беретін мектеп оқушылары және колледж студенттері арасында облыстық «Сапта жүріп ән айту» байқауы өткізілді. Қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен облыс әкімдігінің білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған шара екі кезеңде өтті. Байқаудың бірінші кезеңі мамыр айының басында Тараз қаласындағы №13 орта мектепте оқушылар арасында өткізілген болатын. Ол сынақта оқушылар өздерінің жоғары дайындығын көрсеткен еді. Ал студенттер арасындағы жарыс орталық «Достық» алаңында өтті. Облыс аумағындағы 14 колледждің студенттері белсене қатысқан саптық байқаудың үздіктері екі бөлім бойынша сараланды. Оның бірінде – саптағы әскери іс-қимылдар, екіншісінде салтанатты шерумен жүріп өтіп, мемлекеттік және орыс тілінде патриоттық әндерді орындау шеберлігі сыналды. Байқау қорытындысында қазақ-түрік есеп-экономикалық колледжі бас жүлдені жеңіп алды. Бірінші орынды Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжі иеленсе, екінші орынды Жамбыл политехникалық колледжі мен Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі өзара бөлісті. Меркідегі №9 колледж, Тараз қаласының №1, Сарысу ауданының Жаңатас көп салалы колледжі ІІІ орыннан көрінді.
Әзиза Әбдірайымова, ТарМУ-дың студенті.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




