Қазақстанда 1 маусымда балаларға тегін медициналық көмек көрсетіледі
- author «Ақ жол»
- 1 маусым, 2016
- 535
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 маусымда Халықаралық балалар құқығын қорғау күні еліміздің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында балалар үшін ашық есік күндері өтеді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл күні кішкентай пациенттер үшін бейінді мамандарды шақыру арқылы (педиатрлар, невропатологтар¸ эндокринологтар, окулистер, хирургтар, ортопедтер, кардиологтар, нефрологтар, иммунологтар, балалар жасындағы ауруларды біріктіріп жүргізу бойынша мамандар және т.б.), Кетле бойынша дене салмағын, бойын, артериалды қан қысымын, көзінің көруін тексеру шаралары жүргізіледі.
Бұл күні болашақ аналар үшін емізуді қолдау бойынша «емізудің 10 қағидасы» атты семинарлар, сондай-ақ, дені сау бала кабинеттерінде балалар мен мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналар үшін имуннологиялық профилактика, дұрыс тамақтану, жеке гигиена бойынша шаралар, медициналық кабинеттерде - битшеңдік, қышымаға тексеру және оларды емдеу шаралары өткізіледі.
2016 жылы баланың денсаулығын ерте жастан сақтау мен нығайту, қоғамдық және жеке гигиенаның, балалар мен жасөспірімдердің бойында денсаулық сақтау әдеттерін қалыптастыру, дұрыс тамақтану мен физикалық белсенділік бойынша халықтың хабардарлығын арттыру мақсатында өткізілетін барлық шаралар «Басты байлық - балалардың күлкісі!» ұранымен жүрмек.
СӨС Ұлттық орталығының мәліметінше, Қазақстанда 2015 жылы 9 жастағы балалар арасындағы шамадан тыс дене салмағының таралуы - 12,3%,, семіздік - 6,3% болған.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




