«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жарна төлеуден жалтарма

Жарна төлеуден  жалтарма
ашық дереккөз
Жарна төлеуден жалтарма

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысында Тараз қалалық және Талас аудандық филиалдары төрағаларын бірінші орынбасарларының 2015 жылғы және ағымдағы жылдың бірінші тоқсаны бойынша партиялық жарна төлеу жұмыстарын ұйымдастыру барысы, партия Жарғысының талаптарын сақтау және ішкі партиялық тәртіпті нығайту бойынша атқарылған жұмыстары туралы» есебі тыңдалды. Жиынды партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асаубай Майлыбаев ашып, жүргізіп отырды. 

«Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арын Асқарбековтің айтуынша, есепті мерзімде партиялық бақылау комиссиясының мүшелері бүгінге дейін 17 қоғамдық қабылдау өткізген екен. Осы қабылдаулар кезінде 35 қала тұрғынының өтініші қаралып, 9-ының оң шешімі табылыпты. Жарна төлеуде «Қазфосфат» ЖШС, №2 қалалық емхана және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-ның филиалы – Жамбыл жол бөлімшесіндегі бастауыш партия ұйымдарында олқылықтар орын алғанымен, бүгінгі күні кемшіліктер жойылған. «Нұр Отан» партиясы Талас аудандық филиалында барлығы 41 бастауыш партия ұйымы мен 113 партиялық топ бар екен. – Ауданда 5 269 «нұротандық» бар. Ай сайын 4289 партия мүшесінен 980 465 теңге жарна төленіп, мамыр айына да 921 860 теңге мүшелік жарна партияның есепшотына құйылды. 2015 жылы 280 азамат партия қатарына қабылданса, шығарылғандарының саны 262 адамды құрады. 1 сәуірге дейін 306 адам партия қатарына қабылданып, 34 азамат партия қатарынан шығарылды. Есепті кезеңде партиялық бақылау комиссия мүшелері 11 жеке азаматтың өтінішін қарап, олардың алтауы оң шешімін тапты. Бес өтініш бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, – деді «Нұр Отан» партиясы Талас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Қартабаев. Партиялық бақылау комиссиясының отырысында комиссия төрағасы Асаубай Майлыбаев өңірдегі филиал жұмыстарына, төрағалардың бірінші орынбасарларына қатысты мәселелерді сөз етті. «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық және Талас аудандық филиалдарының 2015 жыл және 2016 жылдың бірінші тоқсаны аралығындағы атқарған жұмыстары сараланып, Партиялық бақылау комиссиясының қаулысы қабылданды.

Наурызбек САРША, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар