2018 жылдан бастап Қазақстанда педофилдерге химиялық кастрация жасалады
- author «Ақ жол»
- 30 мамыр, 2016
- 673
Педофилдерге химиялық кастрация жасау түрінде жазалау шарасы 2018 жылдан бастап күшіне енеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің бөлім бастығы Әсет Оспанов мәлім етті.
«Педофилдерге қатысты қылмыстық істі тергеу барысында сот-психиатрлық сараптама тағайындалады, ол өз кезегінде істі адамның ауытқулары бойынша қорытынды жасайды. Ал осы дәйектемелер аясында сот тарапы айыпты адамға қатысты химиялық кастрацияны қолдану жөніндегі шешім қабылдайды, яғни бұл тұрғыда қолданылған препараттар жыныстық әуестікті төмендетеді. Аталған норма бізде 2018 жылдан бастап іске асырылады», - деді Ә. Оспанов.
Биылғы наурызда заңнамаға баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қылмыстарға жазаны күшейтуге бағытталған өзгертулер енгізіліп, педофилдерге химиялық кастрация жасау нормасы енгізілді.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




