Жазушыны оқырманмен қауыштыратын – кітап. Оқырманды жазушыға ынтық етіп қоятын – қаламгердің сиқыр шеберлігі. Көп жағдайда ең алғаш тұшынып оқыған кітап авторы талғампаз оқушының есінен кетпейді. Өйткені ол саған ең алғаш қалыпты жағдайдан тыс қиялдауына жол ашады, жеке арманының болуына титтей де болса септігін тигізбей қоймайды. Оқырмандарға сондай ләззат сыйлаған жазушының бірі – Елен Әлімжан.
Адам қанша жасқа келгеніне қарамастан, өзін жетілдіру үшін міндетті түрде кітап оқиды. Кітапқа үйір болу – ол біреудің тағдырына қызығу емес, ол көркем әдебиет ішінен өзіңді іздеу. Адам болып қалу үшін керек сапаларды тауып, бойына сіңіру. Жетпісті еңсерген Елен Әлімжан ағамыздың әрбір әңгімесі оқырманына ой салатынына студент кезде көз жеткізгенмін. Кітапханадағы Елен ағамыздың санаулы кітаптарын филфактың студенттері кезекке тұрып, үйлеріне алып кететін. Сөредегі санаулы кітаптың сұранысқа түскеніне қаламгер ағамыздың студенттермен кездесу өткізуі себеп болған еді. Тәуелсіздіктің елен-алаңында драматургияға да араласқан ол әлеуметтік түрлі тақырыптарды әжуалады. «Жанұран», «Тақталас», «Бауыржан Момышұлы», «Төле би», «Абылайханның серті» тарихи драмалары республикадағы көптеген театр сахнасында қойылғаны көрерменнің жадынан өшпеген болар. Кітапты іздеп оқитын көпшілік қаламгерді еңбегі арқылы таниды. Қаламгердің үш томнан тұратын «Тарғыл сиыр», «Жанұран», «Қазақ қандай халық?» туындылары оқырманның ойынан шығатын еңбектер. Е.Әлімжан – әдебиеттің серкелерінен де оң бағасын алған қаламгер. Мәселен, ертеректегі «Таңғы шық» жинағына енген «Ән сыры» әңгімесіне академик Серік Қирабаев, жазушы Шерхан Мұртаза, абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметұлы жоғары баға берген екен. «Ақ періште – арманым» – қаламгер Елен Әлімжанның оқырманға жол тартқан жаңа кітабы. Әңгімелер мен хикаяттардан құралған туынды Алматы қаласындағы «Хантәңірі» баспасынан жарық көріпті. Жаңа кітап қолымызға тигенде, біз де қуанып оқырманнан сүйінші сұрауға асықтық. Олай болса «Ақ періште – арманым» сіздің де кітап сөреңізден табылар деген ойдамыз.
Қанат Тілепберген, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді