Флоренция орталығында 20 автомобиль жер астына түсіп кетті
- author «Ақ жол»
- 25 мамыр, 2016
- 676
Флоренцияның орталығында 20 автомобиль жер астына түсіп кетті, - деп хабарлайды Planet-today.ru. Төтенше жағдай тау жынысының қозғалуынан болған.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, әйгілі Понте Веккьо көпірінің маңында, Арно өзенінің жағасында таңғы кезде пайда болған. Қуанышқа орай, бұл кезде адамдар әлі ұйықтап жатқандықтан, ешкім тұраққа келмеген. Сондықтан да төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Шұңқырдың ұзындығы шамамен 200 метр болды. Қазір оқиға болған жерде өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Мамандардың айтуынша, шұңқыр Арно өзеніндегі топырақты судың салдарынан пайда болған. Дегенмен кейбір ақпарат құралдары қаладағы сумен жабдықтау жүйесінің құбыры жарылғанын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




