және жыл басынан бері 54 мың бөлке нан тегін таратылған
Жергілікті билік соңғы үш жыл бойы нанның бағасын басқа облыстармен салыстырмалы түрде ең төменгі бағамен сақтап келеді. Ауыл шаруашылығы басқармасының деректеріне сүйенсек, нан бағасын тұрақтандыру мақсатында 2016 жылдың басында 3 мың тонна бірінші сұрыпты ұн келісін 75 теңгеден сатып алып, 2,8 мың тонна ұн тиісінше наубайханаға жөнелтілген. – Алғашқы мың тонна келісіне 60 теңгеден, кейінгі мың тонна – 62 теңгеден, 800 тоннасы 64 теңгеден жөнелтілді. Қалған 200 тонна халық тұтыну үшін келісі 77 теңгеден жіберілді. Бұл бір бөлке нан бағасын 53,4 теңге деңгейінде ұстап тұруға ықпал етті, – дейді облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Нұржігітов. Ағымдағы жылдың бірінші шілдесіне дейін тағы да 2 мың тонна ұн сатып алу жоспарлануда. 78 теңгеден кезекті мың тонна ұн сатып алынып, наубайханаға келісі 64 теңгеден өткізіліпті. Облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н. Нұржігітовтің айтуынша, облысымыз республика бойынша нанға ең төмен бағаны сақтап қалып отыр. «Қолы ашықтың – жолы ашық» демекші, тараздық демеушілер «ерекше мұқтаж жандарға тегін нан» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Акция аясында нан дүкендерде сенім қағидаты бойынша зейнеткерлерге, аз қамтылған және көп балалы отбасыларға таратылды. Жамбыл кәсіпкерлері осылайша халықтың әлсіз тобына жәрдемдесуді шешті. Акция барысында 1,2 миллион теңгеге 54 мың бөлке нан таратылды.
Алуа Жақсымбет.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді