Облыс баспасөзінің қара шаңырағы – «Ақ жол» газетінің ардагері, қарымды қаламгер, Байзақ ауданының Құрметті азаматы Тұрсынхан Толқынбайұлының «Жол азық» атты кітабы (зерттеу мақалалар, эсселер, деректі әңгімелер) Тараздағы «Формат – принт» баспасынан жарық көрді.
Кітаптың алғашқы зерттеу бөліміндегі «Майтөбе трагедиясы», «Қайтыс болған соң ақталды…», «56-ның ыстық жазы», «Майданға Жамбылдан аттанған жазушылар», «… скийлер ескірген жоқ па?», «Қазақ баспасөзінің қара шаңырағынан келгендер», «Ақынды ақын іздейді», «Қолжазбасы өртелген ақын» жазбаларынан автордың терең ізденіске барғаны бірден байқалады. «Ақынды ақын іздейді» жазбасында Сәбит Мұқановтың тапсыруымен Өзбек Ақжолұлын іздеп шыққан Бармақ ақынның көңіл күйін, екеуінің кездеспей қалғанын түрлі штрихтармен әдемі суреттесе, «Қолжазбасы өртелген ақын» зерттеуінде 1886 жылы өмірге келіп, 19 жыл ғана ғұмыр кешкен Үсіпәлі Қалыұлының ақындығы, тағдыры жөнінде толғанады. Қаламгердің қолынан туған мақалалары да маңызды. Әр мақала атан жүкті көтеріп тұрған секілді әсер қалдырады. Бұл – қаламгердің шеберлігі, жанының тазалығы, ойының өткірлігі. «Жазылбектің алғысы», «Ғабеңнің айтқаны айдай келген еді», «Сын шын болсын», «Асау директор туралы аңыз» мақалалары оқырманға ерекше әсер қалдырады. Бұл мақалалар әр жылдары оқырман тарапынан да, тиісті басшылық тарапынан да бағаланып, аталып өткен еді. Тоқ етері, «Жол азық» деп аталған кітап оқырманның жан азығына айналатын дүние екендігі хақ.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




