Жер тиімді пайдаланылуы керек
Жер тиімді пайдаланылуы керек
Нұрболат Әлдибеков,
«Ақ жол»
Елбасының қоғамда алаңдаушылық тудырған Жер кодексіндегі бірқатар түзетулерге мораторий жариялауы күллі жұртшылықтың көңіліндегісін тап басқан дұрыс шешім болды. Бұл ретте аталған мәселенің байыбына жетіп, жай-жапсарын анықтауға, Кодекске енгізілуі көзделген толықтырулар мен өзгерістердің ұтымды тұстарын дүйім ел назарына ұғынықты етіп түсіндіруге байланысты арнайы комиссия да құрылған болатын. ҚР Премьер министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың осы республикалық комиссияның төрағасы болып бекітілгені баршаға мәлім. Бүгінгі күнге дейін облыс әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы тобы мен Қоғамдық кеңес мүшелері деаудандар тұрғындарымен кездесіп, кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Осы орайда облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Ж.Кәрібаев бастаған түсіндіру тобы Т.Рысқұлов ауданында да болып, аудандық мәдениет үйінде халықпен кездесіп, Жер кодексінің көптің көңілін алаңдатқан баптарына байланысты кең ауқымды әңгіме өрбітті. Аудан әкімінің орынбасары М. Тілепов ашып, жүргізген басқосуғааудандық мәслихат депутаттары, несібесін жерден айырып отырған қожалық иелері және аудан әкімдігінің бөлім басшылары, сондай-ақ, БАҚ өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Жалпы, мұқым қазақ үшін айрықша маңызға иежиынға жиылған халықтың қарасы көп болды.
–Жер – қазақтікі. Жер – басты байлығымыз. Аттың жалы, түйенің қомында, қар жамылып, мұз жастана жүріп сұқ көздерден қорғаған қайсар бабаларымыз осынау ұлан-ғайыр кең даланы кәдесіне жаратсын, пайдасын көрсін деп, ұрпақтары – мына біздерге аманат етіп кеткен. Сондықтан да бұл мәселеге түсіністікпен қараған жөн. Алдыңғы қатарлы отыздықты еңсереміз десек, ауылшаруашылығы саласының алға басуын басты меже етуіміз керек, – деді кездесуде бірінші болып сөз алған Жандар Кәрібаев.
Сондай-ақ, кездесу барысында облыстық Жер қатынастары инспекциясының басшысы Серікбол Мырзалиев дамыған елдердің барлығы дерлік ауылшаруашылығы саласынан пайда тауып отырғандығын тілге тиек етіп, қазақтың жері бос жатпауы керектігіне кеңінен тоқталды.
Бұдан кейін аудандық мәслихаттың депутаты Зәйтүнә Оразалиева тарапынан қойылған сауалға да жан-жақты әрі дәйекті мысалдармен жауап қайтарылды. Ал, түсіндіру тобының мүшелері Асқар Тастанбеков пен Гүлсім Орынбаева денсаулық және білім салаларындағы оң өзгерістер жөнінде жан-жақты әңгімелеп берді.Кейінгі кезде аталған салалардағы орын алып жатқан кейбір жағдаяттарға да жұрттың көңілі алабөтен. Дегенмен бұл мәселенің де шешімін табарына көзіміз жетеді. «Мақсатсыз –іс болмайтыны» іспетті аталған салалардағы өзгерістердің барлығы өскелең өрендердің өрісінің биік жетілуіне жарап жатса болғаны. Ылғи да сын садағына ілініп жүретін аталған сала мамандары бұл жолы құлыптың кілтін дәл табады деген сенімдеміз.
Т. Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді