Бас ауруының түрлі себептері бар: қатты ашулану, дұрыс ұйықтамау, күйзеліс, уақытылы тамақтанбау, компьтердің алдында ұзақ отыру т.б. Ондай кездері дәріге жүгінбей-ақ, табиғи жолмен бас ауруынан қалай айығуға болады? Ол үшін төмендегі кеңестерге құлақ түріңіз.
1. Басыңыз ауырғанын сезсеңіз дереу таза бір стақан су ішіп алыңыз.
2. Басқа, мойынға, құлақтың сырғалығына массаж жасаңыз.
3. Лимон немесе бал қосылған жылы су ішіңіз.
4. Жалбыз қосылған көк шай ішіңіз.
5. Зімбір (имбирь). Зімбірден дайындалған шайды күніне 3-4 рет ішсеңіз, бас ауруынан мүлде арыла аласыз.
6. Таңертең басыңыздың ауырғанын сезінсеңіз, бір алма жеп алыңыз.
7. Бадам (миндаль) да бас ауыруын тез басады.
8. Бір ас қасық кептірілген жалбыздың үстіне қайнаған су құйып, бетін жауып, 10 минуттан соң ішіңіз. Ащы десеңіз, бал қоссаңыз болады, деп жазады asylsoz.kz.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




