Полицейлер «Республика» мен «Астана» алаңдары маңындағы жасырын орындардан жарылғыш сұйықтық құйылған шөлмектер, ондаған білтемір, бензин құйылған канистр, металл темірлер тапты. Бұл туралы «NUR.KZ» порталына Алматының баспасөз қызметі хабарлады. Алмалы және Медеу аудандарындағы екі пәтерден бірнеше Макаров пен «ТТ» тапаншасы, 4 РГД-5 гранатасын, мылтықтар, сондай-ақ 5 миллион теңге көлемінде қаржы табылды. Күдікті ретінде 5 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Сот алды тергеу басталып, күдіктілердің сыбайластары бар-жоқтығы анықталуда. Еске салсақ, 20 мамыр күні Алматыда Республика алаңындағы аймақты жауып тастағанын және онда екі өрт сөндіруші көлік, арнайы қызмет көліктері мен ит жетектеген кинологтер, полицейлер мен саперлер жүргенін хабарлаған болатынбыз. Сағат 11:30-да алаң қайта ашылды.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




