(дәулескер күйші Әбдімомын Желдібаевқа)
Тисе деп тойыңызға өлең себі, Елесе түсірмейді ел еңсені. Әбекең серілікпен жүр бүгінде, Кеудесіне сыйдырып кең өлкені. Күй өнері күміс-жал тау деп білсек, Ең биік ұшарынан көрем сені.
Жаныңыз мекені еді ар-намыстың, Бар екен бабалардан қалған ұшқын. Құлағың жастайынан түрік болды, Сыбдырына Шудағы бар қамыстың. Үміттен боп жүрмесін қайғы басым, Қазақтың жалғап жүрсіз бай мұрасын. Жиылған жұрттың жанын жай таптырар, Құлағы домбыраңның айнымасын.
Ән-күйдің шығар әлі алуаны, Өзіңсің шын өнердің балуаны. Ырық бермей еркіңе қаншама жыл, Шайқалтқан кездер аз ба шаруаны?! Сіз туған жыл басталып репрессия, Тап келген замананың тар уағы. Сол жылдары шейіт болған Ықыластың, Сізге кеп қонса керек әруағы?
Атыңды айтып, мақтан қып, жер-көкті біз, Толағайы өнердің, төрге өттіңіз. Жаулап алса керек қой жүрегіңді, Ерке сылқым секілді келбетті қыз. Осынау құдіретті күйіңменен, Қаншама қыз жүрегін тербеттіңіз?!
Азаматсыз, өр мінез, жоқ таласым! Тосатын елі үшін оққа басын. Ұлыларды құрметтеп тірісінде, Өлгеннен соң не керек жоқтамасын. Нұрғисадан кейінгі күй-өнердің, Асқаралы биігі боп қаласың!
Аңсар Жұмабеков, облыстық филармония директорының орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді