Тоздырмай тыңайта отырып игілігін көруіміз керек
Қазақстан жерінің, 100 пайыздық өлшеммен алғанда, 23 пайызы шөл және шөлейтті аймақ, 12 пайызы полигон аумағы, 10 пайызы таудың жыралары мен төбелері, сондай-ақ, естеріңізде болса, кеңес кезеңінде жерді жаппай игереміз деп бір жыл миллиард тонна астық алдық та, артынан жерді тоздырып алып, күні бүгінге дейін сол жерді қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып келеміз. Міне, осы тұрғыдан алғанда «Жер сатыла ма?» деген сауал әр азаматтың жанын ауыртатын мәселе екендігі анық. Шетелдік мамандар біздің полигоннан қалған жерлерімізді игере қоймас, оны тыңайта қоймас. Бүгінгі таңда халықты аса алаңдатып отырғаны да жерімізге сырттан біреулер келіп, үй тігіп, асты-үстіндегі байлығын төгіп-шашып, талан-тараж қыла ма деген қауіп. Біздің Іле Алатауы, Алтай тауы мен Қаратау қазақтың байлық-қазынасы ғой. Осындай тауларымызды қалай ғана игереміз деген сұрақ бүгінгі таңда үлкен мәселе болып тұр. Таяуда Назарбаев Университеттегі қаншама жеріміздің шөлейттеніп бара жатқандығы, даланы жайлап бара жатқан шөлді, сусыған құмды тоқтату проблемаларын талқыға салды. Тәуелсіз ел болғаннан бері игеріліп келе жатқан Каспий маңының қазіргі жай-күйін картаға түсіріп, Елбасының қарауына тапсырдық. Ол кісі қазақ жерінің кешегісі мен бүгінгісі туралы барша ақпаратқа қанық.
Қазір Қазақстанда игеріліп отырған жер – Солтүстік Қазақстанның жазық өлкесі мен Оңтүстік Қазақстанның, оның ішінде, Алматы облысының суармалы аймақтары. Жиырма жыл игерілген жер, келесі жиырма жылда тыңайтылуы керек. Ал біз егемендік алған ширек ғасырда бірде-бір рет жерімізді тыңайтқан жоқпыз. Азғантай қалталы кісілер жүз мыңдап алып алған құнарлы жерлер еш игерілместен, еш тыңайтылмастан босқа тозып бара жатыр. Елбасының да айтып жүрген сөзі, назарға алған ісі осы. Біз қазақ жерін қоршап қойып, қолдан тоз-тозын шығармай, оның қыртысын, құрамын зерттей отырып, пайдаға жарата білгеніміз жөн.
Әлия БЕЙСЕНОВА, ҚР ҰҒА академигі, география ғылымдарының докторы
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді