Қайткенде тың алқаптарды игеру керек
– Менің айтайын дегенім, бірінші, ауылды дамыту керек. Екінші, халықты жұмыспен қамтамасыз ету қажет. Экономиканы көтерген абзал. Елдің қауіпсіздік мәселесін де ойлау керек. Мен осы жағдаяттарды ескере отырып, бір жоба жасадым. Бұл жобаны «Тың жердi игеру арқылы Қазақ елiн жаңа белеске көтеру» деп атап отырмын. Біздің жер әлеуетіміз тек Қазақстанды ғана емес, көптеген елдердi асырауға жетедi. Мұны былай түсіндірер едім. Елімізде игерiлмей жатқан өте құнарлы жерлер бар. Бұл өңірлерде мемлекеттiк қолдау арқылы еркiн экономикалық аймақ құру керек. Инфрақұрылым жасау қажет, үйлер салу керек. Бұл туралы Парламентте арнайы заң қабылдаған жөн. Сондай-ақ, халықты, әсiресе, жастарды жобаға жұмылдырған жөн. Оларға көтерiңкi жалақы берiп, барған жерде жағдай жасалса, жастар елiмiздi көтеруге атсалысып, патриоттық борышын жете түсiнедi. Сонымен бірге, бұл жобаны Елбасының «Нұрлы Жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының аясында iске асырса болады. Бұл жобаның геосаяси мәнi бар. Ол еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де септігін тигізеді. Сондай-ақ, еліміздің демографиялық мәселесі де шешiледi. Осы жобаны іске асыру мақсатында арнайы қор құрылып, оған қалталы азаматтарды, ірі шаруашылық иелерін тартқан жөн.
Осы арада тағы бір ұсынысымды айта кетейін. Бізге ауыл шаруашылығын үдемелi дамытудың 2030 жылға дейiнгі мемлекеттік бағдарламасы керек.
Оразалы СӘБДЕН, Қазақстан Ғалымдары одағының төрағасы, Жер реформасы бойынша комиссияның мүшесі:
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді