EgyptAir ұшағының бөліктері Грекиядағы Карпатос аралынан табылды
- author «Ақ жол»
- 20 мамыр, 2016
- 660
EgyptAir ұшағының қирандысы Грекиядағы Карпатос аралынан табылды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Сонымен қатар, ұшақты іздестіріп жатқан Грекия билігінің әуе кемесінің жоғалып кеткен жерінен оңтүстік-шығысқа қарай 50 мильде теңіздің үстінен екі нысанды байқағаны хабарланып отыр.
Еске салайық, ұшақ радардан Каир уақыты бойынша сағат 02.45-те жоғалып кеткен болатын. Ұшақ ол кезде Мысырдан 80 миль жерде болған. Ол радардан Грекияның аумағына кіргеннен кейін 20 минуттан соң жоғалып кетті. Ақпарат құралдарының мәліметінше, ұшақ Жерорта теңізіне құлған. Airbus A320 бортында 56 жолаушы және экипаждың 10 мүшесі болған.
Осыдан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франция президенті Франсуа Олланд пен Мысыр президенті Абдель Фаттах Ас-Сисиге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




