Кезінде финдердің атағын жер-жаһанға жайған Nokia бренді кімге сатылады?
Соңғы келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, Финляндияның ең атақты брендін Қытайдың электроника алыбы Foxconn зауыты сатып алатын болды. Жалпы қалта телефоны нарығында бұл фин брендінің осыдан он жылдай уақыт бұрын бәсекелесі болмады.
Алайда сол кездерден бері шыққан смартфондар финнің танымал өнімін шетке ығыстырып, ақыры 2013 жылы Nokia-ны Microsoft сатып алды. Негізін Билл Гейтс қалаған компания шығарған Lumia смартфоны да жағдайды түзете алмады. Себебі Windows Phone платформасы Android және iOS жүйелерінен артта қалып, шаң қапты.
Аталған себептердің барлығына байланысты Microsoft компаниясы Nokia брендімен смартфон шығару құқығын Қытайдың Foxconn зауытына сатуды ұйғарды, деп хабарлайды iphones.ru-ға сілтемемен 24.kz.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




