Бұл қаржыға қалада жеті көше жөнделеді. Оның ішінде Әйтеке би көшесін (Жамбыл даңғылынан Абай даңғылына дейін) жөндеуге 292,6 миллион теңге жұмсалуы көзделіпті. Жөнделетін жолдың ұзындығы 1,44 шақырымды құрайды. Жолды жөндеуге тапсырыс беруші – Тараз қаласы әкімдігі тұрғынжай-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, бас мердігері – Майра Молдабаева басқаратын «Айя Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Былтыр бұл компания Жамбыл даңғылынан Желтоқсан көшесіне дейінгі аралықты күрделі жөндеуден өткізген екен. Қазіргі таңда Желтоқсан көшесі мен Абай даңғылы аралығындағы 700 метр жол (былтырдан өтпелі) күрделі жөндеуден өткізілуде. Биылғы жылғы сәуір айынан басталған жұмыс 20 мамырға дейін толық жүзеге асады деп көзделуде. Мұнда 35 адам уақытпен санаспай еңбек етуде. Құрылысқа 10 техника жұмылдырылған. Грейдерлер, жолды тегістейтін, жолға су шашатын автомашиналар тоқтаусыз жұмыс істеуде. «Айя Сервис» ЖШС-ның аға прорабы Тұрсынәлі Көпбосынов қажетті адам және техника күші жеткілікті екенін айтты. Қажетті материалдардың дені өз облысымыздан алынып, жұмысшылардың жергілікті тұрғындардың тартылуына басымдық берілген. Машинист шебер Хаким Мырзахметов жұмыстың сапалы жүргізіліп жатқанын сөз етті. Енді біраз күннен кейін автокөліктер Әйтеке би көшесіндегі тақтайдай тегіс әрі сапалы жолда жүйткитін болады.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




