Жаз маусымы жақындаған сайын халық су айдындарына ағылып, шомылуға асығады. Алайда, көңіл көтеріп, демалудың арты қайғылы оқиғаларға душар етіп жатқан жағдайлар аз емес. Қарапайым ғана қауіпсіздік шараларын естен шығарудың нәтижесінде орны толмас өкінішке жол бермес үшін жалпы жұртшылықты су айдындарында өздерін қалай ұстауы керектігі жөнінде төтенше жағдайлар департаменті жылда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда, тұрғындар тарапынан ескертулерге көп құлақ аса бермейтіндер бар. Соның салдарынан жыл басынан бері облыс аумағында суға кеткен адамдар саны 8-ді құрап отыр. Оның екеуі – балалар.
Ал шомылу маусымының басталуымен бұл көрсеткіш еселеп артуы бек мүмкін. Сондықтан, төтенше жағдайлар департаменті халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізудің тиімді тетіктерін қарастырған «дөңгелек үстел» отырысын өткізді. «Су айдындарындағы қауіпсіздік» тақырыбымен өткен жиынға білім беру, дене шынықтыру және спорт, мәдениет, ішкі саясат басқармалары, облыстық прокуратура өкілдері мен балалар жазғы сауықтыру лагерьлерінің ұйымдастырушылары қатыстырылды.
Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




