Google корпорациясында жұмыс істейтін қазақстандық Ғалымжан Етеулин бағдарламалық қамту жөніндегі аға инженер болды. Бұл туралы Ғалымжанның анасы Хафиза Баймұхан Facebook желісінде жазды.
"Баламды құттықтаймын!!! Ғалым қызметінде жоғарылады және GOOGLE корпорациясында Senior Softwаre Engineer қызметіне тағайындалды!!! Онымен мақтанамын, екі жыл бұрын ғана ол компанияға қызметке тұрған еді, оған дейін AMAZON-да істеді, ол да әлемдік ірі компания, ол жақта тәжірибе жинап, кәсіби маман екендігін дәлелдеді. Ғалым бірнеше жоба бойынша Tech Leader, бірқатар ірі жобаларды жүзеге асырды", - деп хабарлады Хавиза Баймұхан.
Айтуынша, жаңа қызмет өте маңызды, жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін команданың жоспарлауымен және реттеуімен айналысады, жобаның идеологиясын жасайды және міндеттерді орындауға өзіндік ізденіс жасайды. Ғалымжан Елеулин жаңа технологияларды іздеп, енгізумен де айналысатын болды.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




