«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ресейде көлігін сатқан әйелдің баласы түскен ақшаны ауладағыларға таратып берген

Ресейде көлігін сатқан әйелдің баласы түскен ақшаны ауладағыларға таратып берген
ашық дереккөз
Ресейде көлігін сатқан әйелдің баласы түскен ақшаны ауладағыларға таратып берген

Ресейде 7 жасар бала анасының көлігін сатқаннан түскен қаражатын бірге ойнайтын достарына таратып берген, - деп хабарлайды Ural1.ru.

Оқиға Кыштым қаласында болды. Бала үйде ойнап жүріп 400 мың рубль қаражат тауып алады. Бұл кезде баланың ата-анасы үйде болмаған екен. Сөйтіп ол бір мың рубль банкнотты алып, далаға ойнауға шығып кетеді. Аулада жүріп ол өзінен ересектеу досынан теңіз шаяны таяқшасының бір қорабын сатып әперуді сұраған. Кейін бала сатушы қайтарған ақшаның қалғанын достарына тарата бастайды.

Онымен қоймай, бала ауладағы достарына үйінде мұндай ақшаның көп екенін айтып мақтанады. Достарын сендіру мақсатында ол тағы ақша алып шығып, қайтадан таратып бастайды. Дегенмен, кейін ата-анасынан сөгіс еститіні есіне түсіп, қалған ақшаны жақын маңдағы су қоймасына лақтыра салады.

Кешке қарай баланың ата-анасы үйіне оралып, тастап кеткен ақшаның 230 мың рублі жоқ екенін аңғарған. Олар су қоймасынан 32 мың рубльді құтқарып үлгерді. Кейін құқық қорғау органдары арқылы көрші балалардың ата-аналарынан қалған ақшаларды жинай бастайды. Дегенмен 110 мың рубль сол күйі қайтарылған жоқ.

Ұқсас жаңалықтар