Оралдағы мемориалдық музей үйінің қызметкерлері Невель қаласынан олжамен оралды.
Музейдің басшысы, көп жылдан бері сұрапыл соғыстың түп тарихын зерттеп жүрген Светлана Бектенова бұл жолы Мәншүктің пулемет бөлшектерін батыр туған топыраққа алып келіпті, деп жазады 24.kz. Қарудың ұңғысы мен қалқаны және өзге де ұсақ-түйек бөлшектері жақсы сақталған.
«Ерлікпен қаза тапқан қайсар қыздың көп заты қазір музейде тұр. Бірақ бұл жолғы жәдігердің жөні бөлек», - дейді мамандар.
«Бүгін біздің музейіміз үшін үлкен жаңалық, сенсация. Мәншүк музейіне осындай Мәншүктің пулеметі келді. Оны Невель қаласынан таптық. Патриоттық «Гвоздика» отряды бізге қолымызға берді», - дейді Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық музей үйінің директоры Светлана Бектенова.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




