"Хабар" агенттігі басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Алмагүл Ахметжанова "Хабар" Агенттігі" басқармасының төрайымы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін ол агенттіктің басқарма төрағасының бірінші орынбасары болған. Ал оған дейін ол "Хабар" Агенттігі" басқарма төрағасының орынбасары болды. Алмагүл Ахметжанова еңбек жолын 1999 жылы "Хабар" агенттігінде бастаған еді. 2004 жылдың ақпанынан 2011 жылдың шілдесіне дейін бағдарламалар дирекциясын басқарды. 2011 жылы басқарма төрағасының орынбасары және басқарма мүшесі болып сайланды.
Еске салайық, бұған дейінгі басшы Айдос Үкібай Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




