Қазақстанның табиғаты үнділерді қайран қалдырды. Қатты қызықтырғаны соншалық, енді еліміздің көз тартар көрікті жерлері үнді режиссері Джея Бидің жаңа фильмінде көрініс табатын болды, деп хабарлады www.24.kz.
Ол Астана мен Алматыда екі жастың махаббаты жайындағы фильмінің желісін Арқа төрінде түсіріп жатыр. Былтыр Қазақстанға ресми сапарымен келген Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди еліне оралған соң қазақ даласының тамаша табиғаты, зәулім ғимараттары жайында айтып беріпті. Содан бері режиссер Қазақстанда кино түсіруді мақсат еткен. «Махаббат мезгілі» деп аталатын фильмнің басты кейіпкерлері үнді актерлері болғанымен, оқиғаның негізгі бөлігі Қазақстанда түсіріледі.
«Әдетте киноны Еуропада немесе Америкада түсіреді. Мен Қазақстанда түсіргім келді. Осы фильм арқылы елдеріңіз әлемге тағы бір танылады деп ойлаймын. Туризм саласының дамуына да түрткі болады. Қазақстанға туристер көптеп келеді. Себебі, сіздердің салт-дәстүрлеріңізбен етене танысқысы келетін адамдар көп. Ал фильмді үш айдан кейін экранға шығаруды жоспарлап отырмыз», - дейді режиссер Джея Би.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




