Темекінің денсаулыққа зияны туралы сөз шегіне жеткен. Оны тұтынған адам да, айналасындағы адамдар да да зиянға ұшырайтыны туралы аз айтылған жоқ. Бүгінде ғалымдар темекі шегетін адам айналасындағылардың денсаулығына ғана емес, психологиясына да кері һәм ауыр әсер ететіні туралы көп айтып жатыр. Франциядағы денсаулық сақтау және медицинәлық зерттеулер институтының мамандары бірқатар тәжірибе жүргізіп, жақындарының темекі тартуы балалардың ашушаң болып өсуіне себепкер болатынын анықтаған, деп жазады namys.kz. Мамандар әйелдердің жүкті болған кезінде және одан кейінгі темекі шегуі жағдайларын тексерген. «Темекі түтінін жұтқан балаларда жоғары эмоционалдық тұрақсыздық аңғарылды», - дейді олар. Ал жүкті әйелдің өзі емес күйеуі темекі шексе де оның кері әсері анасы шеккен темекінің зиянынан кем түспейді екен. Әсіресе бала дүниеге келгеннен кейін оның психологиясына кері әсері тіпті көбейеді. Осыған орай ғалымдар ата-ананың (жақындарының) темекі шегуі балаларды агрессияға және эмоционалдық тұрақсыздыққа душар ететін жағымсыз факторлардың тізіміне ресми түрде енгізуді ұсынып отыр.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




