Отандық ғалымдар тапқан дәрі денедегі сынық пен күйікті тез жазады
- author «Ақ жол»
- 13 мамыр, 2016
- 590
Назарбаев Университеттің ғалымдары медицина саласы үшін үлкен жетістік болатын дәрі ойлап тапты. Оның бірі - «ақылды» полимер. Ол сынған сүйектің жазылуын жеделдетеді. Ал екінші өнім - «ақылды» таңғыш. Бұл өнімді күйік шалғанда және ойық жара пайда болғанда пайдалануға болады, деп жазады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында.
- Біз адам сүйегі сынған кезде жазылуды тездететін жүйеге қол жеткіздік. Біздің ғалымдар Питтсбург университетімен бірігіп, адам ағзасындағы діңгек және сүйек жасушаларын біріктіретін дәрі ойлап тапты. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осы полимерді қолданғаннан кейін сынған сүйектің жазылу жылдамдығы 30 пайызға артқан. Қазіргі таңда біз клиникалық зерттеуалды сатысында тұрмыз. Алдағы уақытта біз жасаған «ақылды» полимердің қаншалықты деңгейде қауіпсіз екенін анықтауымыз қажет. Егер жұмысымыз сәтті шықса, ғалымдар клиникалық зерттеуді бастайды, - дейді Назарбаев Униерситеттің биоинженерия және регенерациялық медицина зертханасының ғылыми жетекшісі Шолпан Асқарова. Ол сондай-ақ отандық ғалымдардың бұл жетістікпен шектеліп қалмай, жаңа медициналық өнімді құрастырып жатқанын да айтты.
- Әрі біз «ақылды» таңғышты әзірлеп жатырмыз. Бұл таңғыш гельден жасалады. Аталған зат сұйық күйде болады. Ол теріге жағылған кезде қатып қалады. Бұл әдіс күйік шалған кезде және ойық жараны емдеуге (язва) пайдаланылады. Ғалымдар жасаған өнім қазіргі таңда клиникалық зерттеуалды сатысында тұр. Алдағы жылдары бұл өнімдерді Қазақстанда шығаруды жоспарлап отырмыз, - дейді ол.
Айта кетейік, Назарбаев Университетте National Laboratory Astana-ның бастауымен «Регенеративті медицина және сапалы ұзақ өмір сүру» атты IV Халықаралық ғылыми конференция өткен-ді. Ал отандық ғалымдардың инновациялық жетістіктері осы шарада кеңінен айтылды.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




