ЫСТЫҚ СУ ТОҚТАТЫЛДЫ. ОЛ ЕНДІ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ?

 ЫСТЫҚ СУ ТОҚТАТЫЛДЫ. ОЛ ЕНДІ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ?
ашық дереккөз
ЫСТЫҚ СУ ТОҚТАТЫЛДЫ. ОЛ ЕНДІ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ?

Кеше, 11 мамыр күні, таңертең Тараз қаласының тұрғындарының пәтерлеріне ыстық су беру тоқтатылды. Бұл туралы алдын ала хабарланбаған болатын. Біз осы тосын жайтқа байланысты тиісті мекеме басшыларымен сөйлескен едік. 

Олардың айтуынша, биыл облыс бойынша жылу 3 сәуірден 4 сәуірге қараған түні өшірілді. «Таразэнергоорталығы» АҚ және «Таразтрансэнерго» мекемелері кестеге сәйкес жазғы жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Облыс әкімдігінің энергетика және коммуналдық-шаруашылық басқармасы жылу-энергетика бөлімінің басшысы Князь Тұртаева «Жамбыл-Жылу» және «Темір Жол Жылу» мекемелеріне қарасты көп қабатты 158 тұрғын үйде ыстық су беру ағымдағы жылдың 6 шілдесіне дейін жалғасатынын айтты. – Ал кеше ыстық су беру тоқтатылған тұтынушыларға төртінші маусымда ыстық су қайта беріледі деп жоспарланған болатын. Бұл жоспарға қаланың орталығындағы тұрғын үйлер мен №3 және №4 шағын аудандар кіреді. Алайда, жылу магистральдарында жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарына байланысты бүгінде бұл мәселе нақты шешімін таппауда. Бір анығы, қаланың жылу желілерін қайта жаңғырту жүргізілетін учаскелерінде ыстық су жаңа жылыту маусымының басталуына орай беріледі. Бұл учаскелердің қатарында Тараз қаласындағы Рахымов, Жұбанышев көшелері, Жамбыл даңғылы, Б.Момышұлы, С.Сейфуллин, Ы.Сүлейменов, Қолбасшы Қойгелді көшелері бар. Аталған учаскелерді қайта жаңғырту кезінде 328 тұрғын үйге ыстық су жылу беру маусымына дейін берілмейді. Сонымен қатар, шағын аудандар мен «Химпоселок» аумағында да ыстық су болмайды, – деді Князь Таңатарқызы. Айта кетейік, ыстық су маусым айында қайта берілген күнде де ол тек 6 шілдеге дейін жалғаспақ. Ал жылу беру маусымының басталуына байланысты қала бойынша ыстық су толық беріледі.

Маржан РАҚАЙ, «Ақ жол».

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар