«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Әблязов пен Храпуновтың миллиондары бұғатталды

Әблязов пен Храпуновтың  миллиондары бұғатталды
ашық дереккөз
Әблязов пен Храпуновтың миллиондары бұғатталды
«БТА» банкінің, Алматы әкімдігінің және Әділет министрлігінің бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде АҚШ-та Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпуновтың қылмыстық тобы жымқырған ондаған миллион долларына тыйым салынды.  2014 жылдың мамырында Алматы қаласының әкімдігі Виктор Храпунов пен оның қосылма тұлғаларына қарсы АҚШ-тағы Калифорния штатының сотына арыз түсірген еді. Сот ісі Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің заңгерлік қадағалауымен өтті. Тараптардың мәліметтерді ашу процедураларының нәтижесінде Қазақстаннан жымқырылған активтер анықталған болатын. Министрліктегілердің мәлімдеуінше, Виктор Храпунов пен Мұхтар Әблязов қылмыстық қудалаудан және жымқырған қаражатының тәркіленуінен сақтанып, АҚШ құзыретінен активтерін шұғыл шығару мақсатында мүлікті сата бастаған. Анығы, Нью-Йорктегі апартаментінің қонақ үйді қайта құрылымдау бойынша жобаларға айтарлықтай жеңілдіктер жасаған. Құйылған 40 миллион доллардың орнына Әблязов пен Храпунов өз үлестерін 21 миллион долларға сатуға тырысқан. Бұл процеске «БТА» банкі, Алматы әкімдігі және Әділет министрлігі араласып, 21 миллион доллар көлеміндегі қаражатты өткізуге тыйым салынды. Енді Мұхтар Әблязов пен Виктор Храпунов өз үлестерін сата алмайды. Әділет министрлігінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта АҚШ-тың федералды сотында және Нью-Йорк штатының сотында тоқтатылған қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар