Біз сарбаздарымызбен мақтанамыз

Біз сарбаздарымызбен мақтанамыз
ашық дереккөз
Біз сарбаздарымызбен мақтанамыз

Құрметті облыс тұрғындары! Сіздерді Отан қорғаушы күні – жалпыхалықтық мерекемен және қасиетті де ұлы мереке Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын. Нақ осы күн Отанға сүйіспеншілік іспетті адами құндылықтардың тұрақтылығы және өлшеусіздігі, оның мүдделерін қорғауға әзірлік, патриотизм мен ерліктің барлық көріністері туралы айғақтайды. Отан қорғаушылардың жасаған каһарман ерліктері ешқашан ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы болып келеді. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Әр сүйем жер үшін, ата-баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғаған, жаужүрек сардарларымыз бен сарбаздарымызды біз әрқашан мақтан тұтамыз. Сұрапыл соғыс адамзаттың жүрегіне өшпес жара салды. Сол соғысты майданның алдыңғы шебінде жүріп басынан өткергендер де, солардың тілегін тілеп, тылдағы бар ауыртпалықты иығымен көтерген ардагерлер де, соғыста ата-анасынан айырылып, жетімдік тауқыметін тартып өскендер де бүгін арамызда жүр. Жас ұрпақ сіздердің алдарыңызда борышты, құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері. Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, Отанға деген сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Бұл – ерекше мереке, біз бұл күні Қарулы күштер қатарында қызмет еткендер мен сапта жүргендерге құрмет көрсетеміз. Бұл мереке әр кезде батылдық пен ерліктің, каһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Бүгінгі ерекше күні Сіздерге шын жүректен бақыт пен татулық, әрбір отбасына ізгіліктер мен игіліктер тілеймін. Ардагерлеріміздің дені сау болып, сарбаздарымыз мен офицерлеріміз табысты қызмет ете берсін.

Б. Қарашолақов,

облыстық мәслихаттың хатшысы.

Ұқсас жаңалықтар