Өсімдіктен жасалған дәрілердің ағзаға келтірер зияны көп - ғалымдар
- author «Ақ жол»
- 11 мамыр, 2016
- 204
Америкалық ғалымдар шөптен жасалған дәрілер денсаулыққа жаһандық тұрғыдан қатер төндіреді және олардың тиімділігі мен токсикалық әсерін кең ауқымда тексеруге қажет деп санайды. Осындай тұжырым EMBO reports журналында жария етілді.
Бэйлор колледжінің медицина және иммунология профессоры Дональд Маркус (Donald Marcus) және Стоуни-Брук университетінің фармакология профессоры Артур Гроллмэн (Arthur Grollman) жақында жүргізілген эпидемиологиялық зерттеу қорытындысын мысал ретінде келтіреді, онда кирказон (Aristolochia) тұқымды өсімдіктің канцерогендігі анықталған. Бұл өсімдік дәстүрлі халық медицинасында мыңдаған жылдардан бері қолданылып келеді. Тек қана Тайванда 1997-2003 жылдарда осы дәрі құрамына енетін препараттарды сегіз миллионға жуық адам пайдаланған.
Тұрғындардың 5 пайызында генетикалық жағынан кирказонның токсикалық әсеріне бейім. Салдарынан бұл пациенттерде интерстициальдық нефрит (бүйректің біріктіруші тіні қабынады), бүйрек жетіспеушілігі асқынады және несеп жолдарында қатерлі жаңа ісіктер пайда болады. Сонымен бірге, қосымша зерттеу кирказонды қабылдағандарда бауыр рагі пайда болатынын анықтаған.
Ғалымдардың келтірген деректерінде, көптеген шөптен жасалған дәрілер салдары ауыр кері әсер тудыратыны келтірілген. Бұл дәрілік өсімдіктерді көп пайдаланатын Азия мен Африка елдерінде жиі кезеседі. Алайда бұған қатысты толыққанды статистика жүргізілмейді.
Зерттеу авторлары дүниежүзіндегі денсаулық сақтау жүйесінің өкілдеріне шөптен жасалған дәрілердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді токсикалық әсерін, сондай-ақ олардың тиімділігін зерттеп отыруды ұсынады.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді