«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Елбасы «Нұр Отан» партиясы төрағасының жаңа бірінші орынбасары М.Құл-Мұхаммедті таныстырды

Елбасы «Нұр Отан» партиясы төрағасының жаңа бірінші орынбасары М.Құл-Мұхаммедті таныстырды
ашық дереккөз
Елбасы «Нұр Отан» партиясы төрағасының жаңа бірінші орынбасары М.Құл-Мұхаммедті таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының Саяси кеңес бюросы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті таныстырды.

Бұл туралы Ақорданың Твиттердегі ресми парақшасында хабарланды. 

Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед 1960 жылы туған. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, заң ғылымдарының докторы, профессор.

1982 - 1992 жылдары Қазақ Кеңес энциклопедиясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы болып еңбек етті.

1992 - 1999 жылдары - «Атамұра» баспа корпорациясының президенті.

1999 - 2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Заң шығару және құқықтық реформа жөніндегі комитетінің хатшысы, Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы.

2001 - 2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.

2003 - 2007 жылдары -  Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.

2007 - 2008 жылдары - Қызылорда облысының әкімі.

2008 - 2010 жылдары - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.

2010 - 2011 жылдары - Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі.

2012 - 2013 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

2013 - 2014 жылдары - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.

2014 - 2015 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2015 жылдың наурызынан мамырына дейін - Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау үшін құрылған республикалық қоғамдық штабтың басшысы.

2015 жылғы 5 мамырдан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып қызмет етті.

ақпарат көзі kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар