Денсаулық
Асқар Мырзахметов ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды
- author «Ақ жол»
- 6 мамыр, 2016
- 560
Асқар Мырзахметов ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды
СТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Асқар Мырзахметовті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
«А.И. Мырзахметовті Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық
Асқар Исабекұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2016 жылғы 6 мамыр
№ 252
*** Мырзахметов Асқар Исабекұлы бұған дейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Мырзахметов А.И. 1962 жылы дүниеге келген. Ауыл шаруашылығы және экономика мамандықтары бойынша білім алған. Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты.
Аспирантураны аяқтаған соң 1988-1991 жылдары Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының шығыс бөлімшесі жүйесінде кіші, кейіннен аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
1991-1997 жылдары шаруашылық субъектілер мен қоғамдық ұйымдарда басшылық қызметтер атқарған.
1997 жылдан 2006 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Премьер-Министрінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі, бірінші вице-министрі және Ауыл шаруашылығы министрі лауазымдарында қызмет атқарған.
2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың қыркүйегі арасында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі.
2007 жылдың қыркүйегінен 2009 жылдың наурызы аралығында - «Оңтүстік» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы.
2009 жылғы наурыздан 2015 жылғы тамызға дейін - Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі.
2015 жылғы тамыздан бастап осы тағайындауға дейін "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары.
ақпарат көзі kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




