Біздің министрлер журналистерден қашқанда, алдына жан салмайды - Н.Назарбаев
- author «Ақ жол»
- 6 мамыр, 2016
- 628
Ақордада кеңес өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев журналистерден, жалпы, қоғамнан қашатын шенеуніктер мен саясаткерлерге ескерту жасады.
«Біз экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйымның стандарттарына талпынып, әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосыламыз деген мақсат ұстанып отырмыз. Бұл ұйымдағы, жалпы, дамыған елдердің ең бір жақсы стандарты - бұндай елдердің Үкіметі халық алдына күнде шығады, үкімет мүшелерінің барлығы қоғам алдында құрдай жорғалайды. Ол елдердің министрлері бір мәселе туындай қалса, жедел пікір білдіреді. Ал, бізде қалай? Менің айтарым, брифингке келіп, журналистердің алдында қағазға жазылған мәтінді оқып беру - ақпараттық жұмыс емес. Біздің министрлер брифингтерде журналистерден қашқанда, алдына жан салмайды, қарапайым сұраққа жауап бермейді»,-деп қадап айтты Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қазір әрбір министрлік өз саласындағы саясатты түсіндіретін ақпаратты органға айналғанын, сондықтан, қоғамнан «тығылу» тиімсіз жұмыстың басты себебі екенін атап өтті.
«Қазір біз министрліктерді белгілі бір саладағы саясатты жүргізетін орган қылдық. Саясаткер халықпен сөйлесіп, қоғамның сенімін жаулап алуы керек. Халықпен жиі-жиі кездескен дұрыс...»,-деді Президент.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




