Қазақстан Қырғызстаннан картоп әкелуге уақытша тыйым салды
- author «Ақ жол»
- 4 мамыр, 2016
- 484
Қазақстан Қырғызстаннан картоп әкелуге уақытша тыйым салды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Соңғы кезде Қырғыз Республикасынан карантинді нысан - Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens алтын түстес картоп вирусін жұқтырған өнімді жеткізу жағдайлары жиіледі. Ағымдағы қаңтар айынан бері ғана вирус жұқтырған картопты әкелудің 79 оқиғасы анықталып, оған жол берілмеді, Қырғыз Республикасына бұл көкөністің 1000 тоннадан астамы кері қайтарылды», - делінген хабарламада.
Картоп глободерозына әкеліп соқтыратын бұл вирус өте зарарлы екенін атап өту керек. Картоп өнімінің сапасын жоғалту көрсеткіші 25-тен 90 пайызға дейін жетеді, бұл топырақтың зарарсыздануы мен сұрып тұрақтылығына байланысты.
Оған қоса, нематодалардың микробтары тіршілікке өте бейім: топырақта алқа тұқымдастары жоқ болса, 10 жыл және одан көп уақыт тіршілік ете береді. Нематода құрғақшылыққа, су басуға және аязға бейім, тіпті адамның аяқ киімі мен жануарлардың табандарына жабысқан жер кесектерімен, тасқын су және желмен де таралуы мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




