Таразда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған ат полосынан жарыс аяқталды
- author «Ақ жол»
- 4 мамыр, 2016
- 261
Таразда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған ат полосынан жарыс аяқталды.
Еске сала кетейік, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық аясында Таразда ат полосы ойындарын өткізу үшін «Атшабар» қалалық ипподромы қайта жаңғыртылды. Мерейтойлық салтанаттарды мерекелеу барысында таныстыру матчы өтті, оған жамбылдық «Әулие Ата» ат клубының арнайы дайындалған ойыншылары, сондай-ақ Астана, Қостанай және Шымкент спортшылары қатысты.
«Қазақстанда алғаш рет Тараз қаласындағы «Атшабар» ипподромында мамыр айында полодан республикалық жарыс болып өтті. Оған ел аймақтарынан жеті команда қатысты. Поло сияқты спорт түрі Қазақстанға жат емес екенін атап өткім келеді. Ол көне заманда пайда болып, иран тілдес және түркі елдерінде, соның ішінде қазіргі Қазақстанда әйгілі болған», - деп баяндады «ҚазАқпарат» тілшісіне Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков.
Оның айтуынша, жарысқа Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Алматы облыстары поло федерацияларының командалары, сондай-ақ «Әулиеата» және «Astana Polo Club» поло-клубтары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 28 адамды құраған.
Ойын қорытындылары бойынша бірінші орынды «Astana Polo Club» жеңіп алды. Ойыншылар кубокпен және 600 мың теңгені құрайтын сертификатпен марапатталды.
Екінші орынды жамбылдық «Әулие ата» поло-клубы қанжығасына байлады. Оған кубок пен 250 теңгеге сертификат берілді.
Үшінші орын, кубок және 150 мың теңгені құрайтын сертификатты ОҚО бойынша поло федерациясы ұтып алды, деп хабарлады облыстық спорт басқармасынан.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді