Италиялық сот аш адамдарға тамақ ұрлауға рұқсат берді
Италияның Жоғарғы соты аш адамдардың тамақты ұрлауын қылмыс деп санаудан бас тартты. Бұл шешім украиналық баспанасыз жүрген Роман Остряковтың ісіне қатысты қабылданды. Ол осыған дейін екі тілім ірімшік пен шұжықша ұрлағаны үшін айыпталған болатын, - деп хабарлайды "Коммерсант" басылымы жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Оқиға 2011 жылы Генуяда болған. Остряков дүкеннен қалтасына ірімшік пен шұжықшаны салып, тек нан үшін ақша төлемек болды. Мұны дүкендегі басқа бір сатып алушы байқап, күзетшіге хабарлаған. Украиналықты алты айға қамау туралы үкім шығып, ол 100 еуро айыппұл төлеуге міндеттелген еді. Дегенмен қорғаушылар жағы үкімге шағым түсірді.
"Остряковтың ісі" Италияда үш сот кезеңі бойынша қаралды. Жоғарғы кассациялық сот істі қарап, ер адамның бұл ұрлыққа "тамақтануға қажеттіліктен" барғанын мойындады.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді