«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Головкин тым үлкен, ал "Канелодан" айламды асыра аламын - Әмір Хан

Головкин тым үлкен, ал "Канелодан" айламды асыра аламын - Әмір Хан
ашық дереккөз
Головкин тым үлкен, ал "Канелодан" айламды асыра аламын - Әмір Хан
© vk.com/ggolovkin
© vk.com/ggolovkin
Жартылай орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, ағылшын боксшысы Әмір Хан (31-3, 19 КО) орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) жекпе-жекке шығу туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz. 7 мамырда Хан мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (46-1-1, 32 КО) жұдырықтасады. Лас-Вегаста олар WBC титулы үшін таласады, ал жеңімпаз Головкинмен жұдырықтасуға міндеттеледі. Алайда Хан жеңсе қазақстандықпен кездесу үшін орта салмаққа өтпеуі мүмкін екенін мәлімдеді. "Шынымды айтсам, мен орта дивизион жайлы ойламаймын, мен орта салмақта болатындай үлкен емеспін. Альвареспен жекпе-жекке шығу мүмкіндігі пайда болғанда, сол мүмкіндікті пайдаланғым келді, бірақ егер жеңіп жатсам, Головкинмен жұдырықтасамын деп ойлаған жоқпын, себебі ол үлкен әрі ірі жігіт, өте жақсы боксшы. "Канелоға" қарсы жекпе-жекте басымдықтарым бар: жылдамдық, қозғалыс және бокс шеберлігі. Бірақ Головкин тіпті басқа спортшы және шынымды айтсам, ол мен үшін тым үлкен әрі күшті. Ал "Канелодан" айламды асыра аламын, ақылдырақ болуға тырысамын", - деп мәлімдеді Хан. "Түптің түбінде мен ол жаққа барып, үлкен жігіттерден соққы жеп жатқым келмейді, себебі ол менің мансап жолымды немесе өмірімді бұзуы мүмкін. Мұны бокстың істегенін қаламаймын. Болашақта төмендейтін шығармын, қайтадан жартылай орта салмаққа, тіпті бірінші орта салмаққа, себебі мен әлем чемпионы титулын жеңіп алғым келеді", - деді ұлыбританиялық боксшы. Осыған дейін Белгілі бапкер Роберт Гарсия Головкин WBC чемпионы, мексикалық Сауль Альварестің дегеніне көніп, 155 фунт деген салмақта жұдырықтасуы тиіс екенін айтқан болатын. "Қалайша ол 155 фунт салмақ дәрежесіне дейін түспейді? Альварес онымен 160 фунт салмақта жекпе-жекке шығайын деп жатқан жоқ. Иә, Головкин белбеуді жекпе-жексіз-ақ алады, бірақ ол Альвареспен жекпе-жекке шықпайды және он миллион доллар табыс ала алмайды. Бұл - қыруар қаражат. Егер ол Мейвезер үшін бірінші орта салмақтағы жекпе-жекке дайын болғанда, неге онда ол Альвареспен жекпе-жекке дайын емес? Ол өзінің титулын қорғай алады, бірақ мансабындағы ең үлкен және табысты жекпе-жегінен айырылып қалады", - деген еді бапкер.

Ұқсас жаңалықтар