«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?
ашық дереккөз
Алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер Қазақстанда алдағы 7-10 мамыр аралығындағы мереке күндері ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап.  7-10 мамыр аралығындағы мереке күндері Қазақстанның барлық аймағында құбылмалы ауа райы күтіледі: елдің батысында атмосфералық фронттардың өтуімен қысқа мерзімді жаңбыр жауады, желдің күші секундына 9-14, ал кейде 15-20 метрге дейін жетеді. "Ауа температурасы баяулап, 20-33 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстік өңірлерде - қарға ұласатын жаңбыр (9-10 мамыр), желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда температура түнде 5-0 градусқа дейін жетеді, кей жерлерде 3 градус суық, күндізгі уақытта 7-15 градус жылы", - делінген хабарда. Сонымен қатар, оңтүстік өңірлерде мереке күндері жаңбыр, найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14, кейде 15-20 метрге дейін жетеді. 7-10 мамыр аралығында түнде ауа температурасы 13-18-ден 7-12 градусқа дейін түседі, күндіз 28-33 градус жылыдан 20-25 градусқа, ал кей жерлерде 15 градусқа дейін түседі, елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 2-10 градусқа, күндіз 15-25 градусқа жетеді. "Консультатив болжамға сәйкес, мамыр айында орташа ауа температурасы Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, Қостанай облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысында және Қарағанды облысының кей жерлерінде 10-14 градус болады, қалған аймақтарда 15-23 градус, бұл Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында нормадан жоғары, республиканың қалған аймақтарында норма шамасында болады", - деп хабарлады синоптиктер.

 ақпарат көзі tengrinews.kz

Ұқсас жаңалықтар