Жер-ана... Ия. Осы қасиетті ұғымның адамзат жүрегінде мәңгі соғарын әлі өмірге келмеген сәби де білер. Себебі сіз бен біздің түсінбей, байыбына бармай «Жер» деген қасиетті анамыз жайында алып-қашпа әңгімелер тарауына куә болуымыз. Қасық қаны қалғанша бабаларымыз қорғаған осынау байтақ жерімізді шетелдіктерге сату-түйсік түгіл санамызға бір сәтке де ұялауға құқы жоқ. Себебі Ата Заңымызда жер кодексінің 24 бабына сәйкес шетелдіктерге және шетелдік компанияларға меншік құқығында Қазақстан жерін иеленуге тыйым салынған.
Егер Қазақстан азаматы жерді сатып алса, содан кейін шетелдікке сатқысы келсе, оған да заң бойынша тыйым салынған. Егер де ол солай істейтін болса, заңның қаталдығы күшіне енеді.
Заң бойынша жер жалға шетелдіктерге конкурс арқылы ғана беріледі. Бұл ретте, Үкімет 2003 жылы еліміздің барлық облыстарында әрбір аудан бойынша шетелдіктер үшін бір қолға берілетін барынша мүмкін жер көлемін бекітіп қойған болатын. Конкурстың шарты бойынша, әлеуетті жалдаушы міндетті түрде жерді пайдалану жоспарын ұсыну керек. Егер шетелдіктер қағидаларды бұзса, біздің келісімшартты бұзуға және шетелдіктерден жер учаскесін алып қоюға құқығымыз бар.
Ұшқан қыранның қанатын талдыратын, көзбен қиырын көре алмайтын осынау байтақ жерімізді ұтымды, ауыл шаруашылық негізінде пайдалану-басты міндетіміз. Ал ауыршаруашылығы жерлерін ұтымды пайдаланбау дегеніміз - бұл егер жердің мақсатына сай пайдаланылмауы және тыйым салынған гербицидтер мен пестицидтерді қолдану арқылы оның жағдайының нашарлауы не жер мүлдем пайдаланылмай арамшөптің өсіп кетуі.
Жерді 49 жылға дейін жалға беру нормасы Жер кодексін қабылдау кезінде, сол 2003 жылы енгізілген болатын. 2016 жылғы 1-шілдеден кейін оларға ешкім тиіспейді. Бұдан басқа, жалға алушыларда басым тәртіппен осы учаскелерді сатып алу мүмкіндігі пайда болады. Ол үшін әкімдікке өтініш жазу қажет болады.Ондай жерді тікелей сату шарты жасалады, яғни аукционсыз және жалға алушы меншік иесіне айналады. Бұл ретте, жер учаскесінің құны 50 пайызға төмендейді. Бұдан басқа, жалға алушы учаскені 10 жылға дейін (бөліп төлеу арқылы) ұзартып сатып ала алады.
Байтақ жеріміздің құнарынан айырылмауы үшін бастау алған осы игі бастама, біріншіден, мемлекеттің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатуынан түсетін қаражаттар бюджетке емес, Ұлттық қорға аударылады. Екіншіден, Жерді сатудан кіріс алу мемлекеттің мақсаты емес. Негізгі идея- жерді экономикалық айналымға тарату.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді