Алдымда – ақ дастарқан, жайған кілем
Мұқағали МАҚАТАЕВ. – Дұшпаның бар ма? – дейсің,
Қайдан білем...
Әйтеуір, жүрген жерім – сайран кілең.
Қазақтың қайсы үйіне барсам-дағы,
Алдымда – ақ дастарқан, жайған кілем.
Дұшпаным жоқ-ау деймін, түрі жаман...
(Сірә, мен бұл майданда тірі қалам.)
Қазақтың қайсысымен кездессем де,
Қайрылмай кеткені жоқ бірі маған.
Достастым кішісімен, үлкенімен,
Өзімшіл өжетімен, үркегімен.
Ата-қазақ алыста той жасаса,
Алдымен тізіміне тіркері – мен.
Қайғырмаймын соңымнан сөз бөскенге,
Білемін бұғатынын кездескенде.
Әйтеуір, жүздерінде жылылық бар,
Қазақтың қайсысымен кездессем де.
– Дұшпаның бар ма? – дейсің,
Қайдан білем...
Асыр сап ортасында ойнап жүрем.
Сірә, мен бақыттымын дұшпаны жоқ,
Үйден шықсам – сауық пен сайран кілең.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




