Елімізде тағы 3 банкнот айналымнан шығады
Теңгенің қолданыстағы үш банкноты айналымнан шығады. Ескіріп қалған екі, бес және он мыңдық купюраларды Ұлттық банк 2016 жылдың 3 қазанына дейін халықтан жинап алмақ,-деп жазды КТК арнасы.
Осы аталған мерзімнен бастап Бәйтерек бейнеленген мына теңгелер күшін жояды. Олар 2006 және 2011 жылдары басып шығарылған купюралар. Бірақ айналымнан шыққан теңгелерді бір бойы банктер халықтан қабылдап, оларды ауыстыруға міндетті. Ал Ұлттық банк бұл қызметті 2020 жылдың соңына дейін жалғастырмақ. Айта кетейік, банкноттарды қабылдаудан бас тарту әкімшілік құқық бұзу болып саналады. Бұл үшін шағын кәсіпкерлерге 10, орта бизнес өкілдеріне 20, ал ірі бизнес орындарына 50 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. «Біз таза ақша саясатын ұстанамыз. Яғни, 2 және 5 мыңдық купюралар әрбір 3 жылда, ал 10 мыңдық 5 жылдан соң ауыстырылып отыруы тиіс. Осы уақыт кезеңінде қағаз тозады, оның бояуы кетіп, түрлі дақ түсуі мүмкін»,-дейді Ұлттық банктің қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқарма басшысының орынбасары Андрей Балахметовақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




