Жер шетелдіктерге және шетелдік компанияларға ешқашан сатылмайды - Ұлттық экономика вице-министрі
- author «Ақ жол»
- 29 сәуір, 2016
- 217
Жер мәселесі - қазіргі уақытта Қазақстанда ең кең талқыланып жатқан тақырып. Әлеуметтік желілерде Жер кодексінің жерді сату мен жалға беруді реттейтін нормаларына қатысты жазбалар мен пікірлер көп. Бүгінде Facebook әлеуметтік желісіндегі пікірталастарды конструктив сипатқа ие деуге келмейді. Бұл көбінде ненорматив лексиканы қолдана отырып, ерегесуге ұқсайтындай. Енді мұның барлығына Ұлттық экономика министрлігі бақылау жүргізеді. Бұл жайында олардың не ойлайтынын Tengrinews.kz тілшісіне осы ведомствоның басшысының орынбасары Қайырбек Өскенбаев айтып берсін.
Әлеуметтік желілерде, өңірлердегі шерулерде жерді сату мен жалға беруді қарастыратын заңнамалық нормаларды талқылап жатқандар туралы сіздің министрліктегілер және Сіз қалай ойлайсыздар?
- Түсіністікпен қараймыз. Адамдар уайымдап жатыр, құқықтық сауатының аздығынан болар, бұл мәселеде толық мәліметі жоқ, сондықтан заңымыздың нормаларын соңына дейін түсінбеген шығар. Әлде олар шын мәнінде солай болып жатыр деген қауесетке сенеді. Адамдар сұрақ қоя бастайды, яғни уайымдайды. Біз заңның нормаларын түсіндіргіміз келеді, шетелдік жеке тұлғаға немесе шетелдік компанияларға жер сату туралы форма жоқ және ешқашан болмайды.
Сіз қалай ойлайсыз, жерді жалға беру мен сату туралы дау неліктен қазір шығып отыр?
- Жер құқығын реттеу тарихын айтар болсақ, бұл нормалар бұрыннан бар, 90-жылдардан бері бар. 1990 жылы бізде жер туралы бірінші заң шықты, кейін өзгерістер енгізілді және сол кезде түрлі нұсқалары болды: үш жылдан он жылға дейін жалға беру, оның ішінде шетелдіктерге; сосын 99 жылға дейін; одан кейін қазақстандықтарға 49 жыл, ал шетелдіктерге 10 жыл деген шектеулер қойылды. 2003 жылы Жер кодексі қабылданды, онда жерді жалға беруге қатысты нормалар болды. 2014 жылы жалға беру мерзімін 25 жылға дейін ұзартуды көздеген өзгерістер болды. Осы жер құқықтарын реттейтін Жер кодексі 13 жыл бұрын қабылданған, осы уақыт бойы ешқандай сұрақ болған жоқ. Бұл сұрақтың неліктен қазір ғана шығып отырғанын, шынымды айтсам, менің өзім түсінбеймін.
Яғни 25 жылға дейін ұзарту туралы норма бұрын шыққан ба?
- Бұл норманың енгізілгеніне бір жарым жыл болды. Бұл бөлігінде ешқандай өзгеріс енгізген жоқпыз. Тіпті басқа мәселелер ойынша өзгерістер болды, олар жерді пайдаланушылардың әкімшілік шектеулерін азайтуға қатысты еді. Бірінші өзгеріс мынаған қатысты болды: егер жер бұрын конкурс пен аукцион арқылы берілсе, мұнда таңдау құқығы әкімде болды, ол жерді қандай түрде сатуды өз шешетін болды, сондықтан көптеген сұрақ пайда болды. Ал енді тыйым салдық та "мұның барлығы ашық алаңда аукцион түрінде болсын да, мықтылар жеңіске жетсін" дедік. Аукцион формасы да бұрыннан бар, 2003 жылдан бері бұл шаралар Жер кодексінде қарастырылған.
Біздің енгізген екінші өзгерісіміз мынада - біз жерді пайдаланушыға аукционсыз-ақ сатып алуға құқық береміз. Мысалы адам жерді 49 жылға жалға алады. Оның жерін ешкім тартып алмайды, жалға ала берсін, жалға алынған мерзім аяқталғанша сен ол жерді сатып ала аласың. Оның үстіне 50 пайыз көлемінде жеңілдік пен 10 жылға бөліп төлеу құқығы беріледі.
Үшінші өзгеріс - жалға алу құқығына шектеулерді алып тастауға қатысты. Бұрын былай болған: сіз жалға алу құқығын сатып алдыңыз делік, кейін көрші ауылға, қалаға көштіңіз немесе тіпті басқа іспен айналысуды шештіңіз делік; онда сіз жерді әкімге қайтаруыңыз қажет болған, ал әрмен қарай ол оны кімге беретінін өз шешетін. Енді біз былай деп отырмыз: егер сен осы құқықты сатып алсаң, осы құқықты өзің қолдан. Яғни жалға алу құқығын сіз көршіңізге сата аласыз, ал көршіңіз әкімдікке барады да, жерді сізден келісімшарт арқылы сатып алғанын айтады. Яғни біз жерді пайдаланушыларға жақсы жағдай жасап бердік.
Байқаған болсаңыз, адамдар мұнда шетелдіктер, нақтырақ айтқанда "қытайлар келіп, жерді сатып алады, сөйтіп, бар нәрін сорып алады" деген пікірлер бар.
- Министрдің Ауылшаруашылық министрлігі мақұлдаған бұйрығы бар, оны барлық жерден оқуға болады, жерді тиімді қолдану ережелері. Онда топырақтың жағдайы нақты көрсетілген, жер жалға берілген кезде мұның барлығы қатаң бақылауда болады. Бұл жердің сапасы төмендесе, бұл - заңбұзушылық және жер тартып алынады. Бұл Жер кодексінде жазылған, жерді тиімді пайдалану ережесін бұзу болған жағдайда мемлекет оны өз меншігіне тәркілей алады.
Бұл сонда біздің нормаларымызға сәйкес келмейтін түрлі химикаттар мен тыңайтқыштар ма?
- Өсімдіктану туралы заң бар, оған сәйкес, Қазақстан территориясында заңдастырылған пестицидтерді, гербицидтерді, минералдық тыңайтқыштарды қолдануға ғана рұқсат етілген - бұл бір. Екіншіден - әкімдіктегілердің жер инспекциялары топырақтың сапа құрамын тексеріп, зертханалық зерттеулер жүргізеді. Топырақтың сапасы нашарласа, саған ескерту жасалады, жердің құнарлылығын өз деңгейінде сақтап тұру ескертіледі. Ал егер келесі жылы өз деңгейіне жеткізбесең, бұл жерді тартып алу мәселесі қаралады. Бұл тек шетелдіктерға қатысты емес, сонымен қатар барлығына да қатысты.
Интернетте мынадай да пікірлер жүр: "Қытайлар келсе, біз оларды сосын қуып жібере алмай қаламыз. Біз сол қытайлардың құлына айналамыз". Қалай ойлайсыз? Мұндай пікірлердің негізі бар ма?
- Маған мынаны айтыңызшы, олар қалай келеді? Олар жерді сатып ала алмайды. Олар тіпті жерді жалға алғанның өзінде жұмыс күшін ол жақтан әкеле алмайды ғой, себебі бізде жұмыс күшін үлестіру бойынша төрт нақты категория бар. Біріншісі және екіншісі - жоғары мамандандырылған инженерлер, менеджерлер; үшіншісі және төртіншісі - маманданған жұмыс күші. Әкімдік комиссиясы мұнда жұмыс күні қажет пе немесе өз ресурстары жеткілікті ме - осыны анықтайды. Сондықтан шетелдіктерге жұмыс істеуге рұқсат берілсе де, ол тек бір жылға келеді, осыдан кейін шетел азаматтары елден кетуге мәжбүр болады. Уақытша жұмысшылар тек маусымға келеді.
Оның үстіне шетелдіктердің Қазақстан Республикасында баспана сатып алуға құқысы жоқ. Мұндай құқық осында әрдайым болатын, ықтиярхат алған шетелдіктерде ғана бар, солар ғана баспана иелене алады. Қалғандары уақытша болатындар деп есептеліп, баспанаға құқығы болмайды.
Адамдар заңнаманың жерді сату мен жалға беру туралы нормаларына өзгеріс енгізуді сұрап отыр. Өзгерістер енгізіле ме әлде бұған қажеттілік жоқ деп есептейсіз бе?
- Айтылып отырған алаңдаушылықтар Жер кодексінде толықтай қарастырылған. Қазір "сарапшылар" көп қой. "Заңды айналып өтуге болады, кейбір нормалар қарастырылмаған" дейді. Біз оларға "жасап көріңіздер, біздің заңымыз дұрыс жұмыс істей ме, жоқ па - көре жатармыз" дейміз. Заңды қандай да бір жолымен айналып өтуге болады деп есептесеңіздер - мүмкіндік жасап көріңіздер. Шетелдік бізден жер сатып алып көрсін, бұл оның қолынан келмейді, мұны сеніммен айта аламын.
Өзіңіз Интернетте пікір оқисыз ба? Facebook-ті қолданасыз ба?
- Әрдайым қарап отырамыз, уақытымыз болғанда. Бірақ өкінішке қарай, уақытымыз аз. Бірақ қазір жиі қарап отыруға тура келеді.
Әлеуметтік желілерде жер мәселесі бойынша уайымдап жүрген жұртқа не айтар едіңіз?
- Тағы да қайталап айтамын, уайымын білдіріп отырған адамдарды түсінемін. Егер олар еліміз, жеріміз үшін уайымдамаса, ойларын айтпаса, олар өз болашағын, өткенін және бүгінін бұл елмен байланыстырмас та еді. Мәлімдеймін: қазақстандық жердің бірде-бір миллиметрі шетелдіктерге сатылмайды. Ал егер шетелдік оны жалға алса, оны Қазақстан Республикасының заңында жазылған талаптарды орындау арқылы ғана қолдана алады. Бұған қатаң бақылау жүргізіледі. Сондықтан уайымдамаңыздар, айдап салушыларға ермеңіздер, Президентімізге сеніңіздер, себебі біз оған ұзақ жылдар бойы сеніп келдік және ол елімізді әлемдегі көш бастайтын елдердің біріне айналдырды. Әрине, түсінеміз, біреулер елімізде тыныштықтың болғанын қаламайды, Таяу Шығыс елдеріндегідей дүрбелең, бүліншілік, өзара тартыс болып жатқанын қалайды. Біреулер осыны аңсайтын сияқты. Бұған жол бермейміз. Біз - бірлігі мол халықпыз, біз - біртұтас елміз. Жеріміз біздің еліміздің байлығы, барлығымыз үшін жалғыз жер. Азаматтарымыз қалай уайымдап жатса, мен де, үкімет те, ең бастысы Президент те дәл солай уайымдайды.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді