Бүгін Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы өтеді. Жиынға қатысуға облыстан құрамында 44 адам бар делегация жексенбі күні жолға шыққан еді. Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы, топ жетекшісі Зубайра Сембинаның айтуынша, делегация құрамының жартысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болса, жартысы арнайы шақырылған қонақтар екен. «Достық үйі» тарапынан құрылған делегация құрамындағы «Вынхуа» дүнген мәдени орталықтарының қауымдастықтары» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Гүлсара Даузова: «Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көп ұлтты мемлекетімізде ынтымақ пен бірлікті нығайта түсу үшін қыруар істер тындыруда. Қазақстандықтар үшін де керегі – осындай берекелі де бейбіт өмір. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты мен оның ел басқарудағы көрегенділігін тек қазақстандықтар емес, әлем елдері мойындап отыр. Мен осы үлкен жиынға Ассамблея хатшылығынан арнайы шақырту алғанымды өзіме мәртебе санаймын. Ең бастысы біздің бірлігіміз бен көздеген мақсатымыз бір болса, алынбайтын асу жоқ» – деді. «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» тақырыбы аясында өтетін аталмыш сессияда мемлекеттің болашағы мен халықтың ынтымағын арттыруды көздейтін маңызы жоғары құндылықтар сөз болмақ.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- 12 наурыз, 2026
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




